«САРЫАҒАШ» ЖАҢА ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ  ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

«САРЫАҒАШ» ЖАҢА ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ  ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

 

 

Сарыағаш қаласындағы «Сарыағаш» теміржол вокзалына жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының барысын аудан  әкімі Арман Абдуллаев арнайы барып бақылап көрді. Аудан басшысы мердігер мекеме өкілдеріне нысанды сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтаудың маңыздылығын қатаң ескертті.

 

Қазіргі таңда нысанда жер жұмыстары толық аяқталып, іргетасы құйылған. Бүгінде кірпіш қалау жұмыстары мен бетон бағаналарын құюға дайындық жұмыстары жүргізілуде. Аталған жобаның тапсырыс берушісі – «Қазақстан Темір жолы» АҚ. Құрылыс жұмыстарын «Bold Construction Group» ЖШС мердігер мекемесі жүзеге асыруда. Ал жобалаушы ұйым – «Конструктор 80» ЖШС.

 

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі