САРЫАҒАШТА КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

САРЫАҒАШТА КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

 

 

Сарыағаш қаласында салынып жатқан көпбейінді аурухананың құрылыс жұмыстарының барысымен Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев танысты. Аймақ басшысы нысан басында болып, мердігер мекемеге құрылыс жұмыстарының сапасына ерекше мән беру қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, нысанды белгіленген мерзімде аяқтаудың маңыздылығын қадап айтты. Сонымен қатар, құрылыс және сәулет, қала құрылысы бөліміне мердігермен тығыз әрі үйлесімді жұмыс жүргізуді тапсырды.

 

Бүгінгі таңда, құрылыс нысанында жер жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс алаңында 15 жұмысшы еңбек етуде, сондай-ақ 7 арнайы техника тартылған. Тапсырыс беруші – «Түркістан облысының құрылыс басқармасы», ал мердігер мекеме – «ASPAN HOLDINGS» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

 

 Аталған медициналық нысан бірнеше блоктан тұрады. Әр блокта тұрғындарға медициналық көмектің әртүрлі бағыттары бойынша қызмет көрсетіледі. Жаңа аурухана тәулігіне 600-ге дейін науқасты қабылдауға қауқарлы болып, өңір тұрғындарының сапалы медициналық қызмет алуына мүмкіндік береді.

 

 

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі