Бүгін Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаевтың төрағалығымен кеңейтілген аппараттық мәжіліс өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлімдер мен мекемелердің басшылары, сондай-ақ қала және ауылдық округ әкімдері қатысты.
Мәжіліс барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты үш маңызды мәселе күн тәртібіне шығарылып, жан-жақты талқыланды.
Алғашқы мәселе бойынша осал топтағы азаматтарды әлеуметтік қолдау шаралары жөнінде аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Марат Құралов баяндама жасады. Баяндамашы аталған бағытта атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарларға тоқталды.
Екінші мәселе ауданның ішкі саясат саласындағы атқарылған жұмыстар мен биылғы жылға арналған жоспарларға арналды. Бұл бағытта аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Зәуре Хамзаева баяндама жасап, қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар туралы ақпарат берді.
Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша Сарыағаш қаласының өткен жылғы атқарған жұмыстары мен 2026 жылға жоспарланған міндеттері жөнінде қала әкімі Айыпхан Ешанқұл баяндады.
Мәжілісті қорытындылаған аудан әкімі Арман Абдуллаев тиісті бөлім басшыларына, қала және ауылдық округ әкімдеріне жұмыстарды үйлестіруді, жүйелі жұмыс жүргізудің маңыздылығын атап өтті. Нақты тапсырмалар беріліп, хаттамаға орындалуы мерзімімен енгізілді.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі