Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, талап-тілектерін тыңдады.
Қабылдауға аудандық мәслихат депутаты Қ. Жүсіпов, аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары, қала және ауылдық округ әкімдері қатысып, көтерілген әрбір мәселенің шешу жолдары жан-жақты қарастырылды.
Аудан әкімінің қабылдауына алдын ала жазылған 26 тұрғын жер, құрылыс және өзге де жеке мәселелері бойынша өтініштерін білдірді. Тұрғындардың мәселелерін мұқият тыңдаған аудан басшысы әрбір өтінішке заң аясында түсіндірме беріп, тиісті сала басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне арыз-шағымдарды белгіленген мерзімде, заң шеңберінде шешу жөнінде нақты тапсырмалар жүктеді.
Айта кетсек, Сарыағаш ауданы әкімінің жеке қабылдауына жазылу Сарыағаш ауданы әкімі аппаратының жалпы және әкімшілік бөлімі арқылы жүзеге асырылады. Сондай-ақ egov.kz порталы, e-Otinish бірыңғай базасы немесе әкімдікке келіп, жазбаша өтініш қалдыру арқылы тіркелуге болады. Қосымша ақпарат үшін: +7 (725 37) 7-97-13
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі