САРЫАҒАШ: ТҰРҒЫНДАРМЕН КӨШПЕЛІ КЕЗДЕСУ

САРЫАҒАШ: ТҰРҒЫНДАРМЕН КӨШПЕЛІ КЕЗДЕСУ

 

 

Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Дербісек ауылдық округіне арнайы барып, жергілікті тұрғындарымен кездесті. Жиынға аудан әкімінің орынбасары М. Байғабулов, аудандық мәслихаттың депутаты А. Жүсіпбаев, аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Н. Тултаев, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы С. Қарақұлов, Дербісек ауылдық округінің әкімі Д. Артықов, сондай-ақ ауданның су шаруашылығы МКК, «Сарыағаш Тұрмыс» МКК және «Рауан» ЖШС-нің өкілдері қатысты.

 

Жиын барысында ауыз су мәселесі  жан-жақты талқыланды. Тұрғындар өз ұсыныс-пікірлерін білдіріп, су жүйесіне қатысты бірқатар түйткілдерді көтерді.

 

Аудан әкімі Арман Абдуллаев әрбір тұрғынның мәселесін мұқият тыңдап, ауыз су мәселесін оңтайлы шешу үшін тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді. Сонымен қатар, бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстардың барлығы өзінің тікелей бақылауында екенін атап өтті.

 

Кездесу қорытындысы бойынша  ауыз су жүйесінің сапасын жақсарту  бағытында кезең-кезеңімен  нақты шаралар қабылданады.

 

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі