АЙМАҚ БАСШЫСЫ: ТҰРҒЫНДАР ТАРАПЫНАН АЙТЫЛҒАН ТҮЙТКІЛДЕРДІ ШЕШУ ЖОЛЫНДА ЖҮЙЕЛІ ӘРІ НАҚТЫ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗУ – БАСТЫ МІНДЕТ

АЙМАҚ БАСШЫСЫ: ТҰРҒЫНДАР ТАРАПЫНАН АЙТЫЛҒАН ТҮЙТКІЛДЕРДІ ШЕШУ ЖОЛЫНДА ЖҮЙЕЛІ ӘРІ НАҚТЫ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗУ – БАСТЫ МІНДЕТ

 

 

Бүгін Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаевтың төрағалығымен кеңейтілген аппараттық мәжіліс өтті. Мәжіліске аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлімдер мен мекемелердің басшылары, қала және ауылдық округ әкімдері қатысты.

 

Мәжілістің күн тәртібінде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты 4 мәселе қаралды.

 

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе су тасқынының алдын алу шаралары туралы аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Иса Елеусізов баяндама жасап, көктемгі кезеңге дайындық жұмыстары бойынша ақпарат берді.

 

Аудандық жер қатынастары бөлімінің атқарған жұмыстары жөнінде бөлім басшысы Бақытсейіт Әуезовтің баяндамасы тыңдалды. Баяндама барысында саладағы өзекті мәселелер мен шешу жолдары таныстырылды.

 

Көктемгі дала жұмыстарына дайындық жөнінде аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Алайдар Амирханов баяндап, егіс науқанына дайындық деңгейін жеткізді.

 

Төртінші мәселе  2025 жылға арналған рейтингтік көрсеткіштердің орындалу жоспары туралы экономика және қаржы бөлімінің басшысы Азамат Мұратов баяндама жасады.

 

-Құрметті әріптестер, әрбір атқарылатын жұмыс ең алдымен халық үшін жасалуы тиіс. Барлық мәселенің шегі бар, тұрғындар тарапынан айтылған түйткілдерді шешу жолында жүйелі әрі нақты жұмыстар жүргізу – біздің басты міндетіміз, – деді Арман Абдуллаев.

 

Аудан басшысы жер қатынастары бөлімінің басшысына алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар бойынша кеңейтілген баяндама жасауды тапсырды. Сондай-ақ, салаға жауапты аудан әкімінің орынбасарларына өздеріне бекітілген бағыттар бойынша жұмысты жандандыруды  жүктелді. Бұдан бөлек, 2025 жылдың желтоқсан айында өткен аппараттық мәжілісте берілген тапсырмалардың орындалу барысы сараланды.

 

Жиынды қорытындылаған аудан әкімі тиісті бөлім басшылары мен қала және ауылдық округ әкімдеріне жұмыстарды үйлестіруді күшейтуді, жауапкершілікті арттыруды ескертіп, жиналысқа қатысушыларға нақты тапсырмалар жүктеді. Барлық тапсырмалар хаттамаға енгізілді.

 

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі