Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Әли Бектаев, Мұрат Қадырбек және Алишер Сатвалдиев жұмыс сапарымен Сарыағаш ауданына келді. Іссапар барысында сенаторлар аудан тұрғындарымен, зиялы қауым өкілдерімен және аудандық мәслихат депутаттарымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Сенат депутаты Мұрат Қадырбек 2025 жылы Сенат тарапынан атқарылған жұмыстарға, қабылданған заңдарға, Парламент қызметіндегі жаңашылдықтарға, сондай-ақ елімізде жүзеге асырылып жатқан жобаларға кеңінен тоқталды. Сонымен қатар, Сарыағаш ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты өзекті мәселелер мен алдағы уақытта жүзеге асырылатын ірі жобалар талқыланды.
Жиын барысында аудандық мәслихат депутаттары мен тұрғындар тарапынан бірқатар сауалдар қойылып, сенаторлар нақты әрі мазмұнды жауаптар берді.
Кездесу соңында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдап, ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Депутаттар айтылған мәселелер жеке бақылауында болатынын жеткізді.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі