Түркістан облысында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету бойынша тиісті жұмыстар атқарылып жатыр. 2025 жылдың 11 айында қысқа мерзімді экономикалық өсім 114,4%-ды құрап (3 орын), негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің оң өсімі қалыптасты.
Өнеркәсіп өнім көлемі 1,4 трлн теңгеге жетіп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өсім 112,5%-ды құрады. 12-айдың қорытындысымен 113,0%-ға жеткізу жоспарлануда. Өсім негізінен тау-кен, тамақ өнімдері, жеңіл өнеркәсіп және машина жасау өндірістері есебінен орын алды. Өңдеу өнеркәсібінде 665,8 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, өсім 110,9% деңгейінде қалыптасты. Есепті кезең жоспарынан 3,1%-ға артығымен орындалды (жоспар 107,8%). Жыл қорытындысымен өсім деңгейін 111,5%-ға жеткізу жоспарлануда.