Бүгін Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев 2025 жылдың қараша айында Қаржылық мониторинг агенттігінің бастамасымен өткен республикалық қаржылық сауаттылық диктантының ұйымдастырылуына белсенді атсалысқан азаматтарға алғыс білдіріп, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Е. Балғабаевтың алғыс хаттарын табыстады.
Айта кетсек, аталған республикалық диктанттың негізгі мақсаты – азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыру, қаржылық қауіпсіздік жөніндегі хабардарлығын күшейту және алаяқтық құқық бұзушылықтардың алдын алу.
Іс-шараны ұйымдастыру нәтижесі бойынша Сарыағаш ауданы облыс көлемінде жүлделі III орынды иеленді.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі