САРЫАҒАШТА 300 ОРЫНДЫҚ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕБІ» ЖОБАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

САРЫАҒАШТА 300 ОРЫНДЫҚ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕБІ» ЖОБАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

 

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында Сарыағаш қаласында 300 орындық жаңа мектептің құрылысы жүргізілуде.

 

Бүгін Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев құрылыс нысанына барып, жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысын қадағалады. Мердігер мекеме өкілдеріне құрылыс жұмыстарын белгіленген мерзімде және сапалы түрде аяқтауды тапсырды.

 

Қазіргі таңда, ғимараттың ішкі тазалау жұмыстары және сыртқы абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, мектепке арнайы құрал-жабдықтарды орналастыру жұмыстары да атқарылуда. Жобаның тапсырыс берушісі – «Samruk–Kazyna Construction» АҚ, мердігері – «А-Спецстрой» ЖШС.

 

Айта кетсек, жаңа мектеп аудан тұрғындары үшін сапалы білім беру ортасын қалыптастыруға, оқушы орын тапшылығын азайтуға және білім беру сапасын арттыруға бағытталған маңызды әлеуметтік нысан болып табылады.

 

Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі