САРЫАҒАШ: ҚАРАБАУ ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕ КІШІ ФУТБОЛ ЖӘНЕ WORKOUT АЛАҢШАСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

САРЫАҒАШ: ҚАРАБАУ ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕ КІШІ ФУТБОЛ ЖӘНЕ WORKOUT АЛАҢШАСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

 

Елді мекендерде бұқаралық спортты дамыту және салауатты өмір салтын қалыптастыру – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың басым бағыттарының бірі. Осы мақсатта Сарыағаш ауданында жыл басынан бері бірқатар спорт және балалар ойын алаңшалары бой көтеріп, Президент бастамалары жүйелі түрде жүзеге асырылуда.

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында ауданға қарасты Қарабау елді мекенінде кіші футбол және workout алаңшасы пайдалануға беріліп, ауыл тұрғындары үшін қуанышты жаңалық болды.

Салтанатты ашылу рәсіміне Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев, арнайы қатысып, жиналған қауымды жаңа спорт нысанының ашылуымен құттықтады. Сонымен қатар, жиында аудандық мәслихат төрағасы Рысбек Асылбекұлы сөз сөйлеп, ауыл тұрғындарын ел игілігіне берілген спорт алаңшасының ашылуымен құттықтады.

Аталған спорт алаңшасының құрылысы аудандық бюджет есебінен қаржыландырылып, мердігер «Дара» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тарапынан сапалы түрде жүргізілді. Нысан кіші футбол ойнауға арналған алаңмен қатар, workout жаттығуларына арналған заманауи құрылғылармен жабдықталған. Ауыл тұрғындарының бос уақытын тиімді өткізуіне барлық жағдай жасалған.

Айта кетсек, жаңа спорт алаңшасы ауыл балалары мен жастарының дене шынықтырумен тұрақты айналысуына, түрлі спорттық жарыстар ұйымдастыруға мүмкіндік беріп, бұқаралық спорттың дамуына оң ықпалын тигізеді.

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі