САРЫАҒАШ: КЕЗЕКТЕН ТЫС СЕССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

САРЫАҒАШ: КЕЗЕКТЕН ТЫС СЕССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

 

Бүгін Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары Нұрполат Талипов аудандық мәслихаттың сегізінші шақырылымындағы кезектен тыс сессия отырысына қатысты. Отырысқа аудандық мәслихат депутаттары, қала және ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім және мекеме басшылары сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Сессияны аудандық мәслихат төрағасы Рысбек Асылбекұлы ашып, регламентке сәйкес күн тәртібіне енгізілген мәселелер қаралды.

Күн тәртібіндегі басты мәселе « 2026–2028 жылдарға арналған қала және ауылдық округтердің бюджетін бекіту» мәселесі бойынша ауданның экономика және қаржы бөлімінің басшысы Азамат Мұратов баяндама жасады.

Сессия соңында күн тәртібіндегі талқыланған мәселелер бойынша мәслихат депутаттары өз ұсыныстарын білдіріп, қаралған сұрақтарға қатысты тиісті шешім қабылданды.

Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі