САРЫАҒАШ: АЗАМАТТАРДЫҢ ЖЕКЕ СҰРАҚТАРЫ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

САРЫАҒАШ: АЗАМАТТАРДЫҢ ЖЕКЕ СҰРАҚТАРЫ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ
Бүгін Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Аудан әкімінің жеке қабылдауына алдын ала жазылған тұрғындардың өтініштері қаралды. Қабылдауға аудан әкімінің орынбасары, дербес бөлім басшылары, қала әкімі қатысты.
Қабылдау барысында тұрғындар тұрғын үй кезегі, әлеуметтік көмек және өзге де жеке мәселелер бойынша өтініштерін жеткізді.Сондай-ақ аудан әкімі жеке қабылдауға келген ерекше қажеттілігі бар азаматшаны бірінші қабатта арнайы қабылдады. Тұрғын үй кезегіне қатысты заң талаптарына сәйкес түсіндірді.
Аудан басшысы қабылдауға келген әрбір тұрғынның мәселесін мұқият тыңдап, тиісті бөлім басшыларына, қала және ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар жүктеді.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі