ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17, 84 - баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31, 37 - баптарына сәйкес және Сарыағаш ауданы әкімдігінің 08.12.2025 жылғы №421 «Жұмысшы топ құру туралы» қаулысы негізінде құрылған жұмысшы топтың 2025 жылғы 19 желтоқсандағы № 4604 қызметтік хатын қарап, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 1. Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 20 қазандағы №349 «Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау туралы» қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулының қосымшасында:

алтыншы жолдағы «құрылысқа түсетін жер көлемі (га)» деген бағандағы «0,0458» деген сандар «0,1603» деген сандармен ауыстырылсын;

жетінші жолдағы жолдағы «құрылысқа түсетін жер көлемі (га)» деген бағандағы «0,0406» деген сандар «0,2206» деген сандармен ауыстырылсын.