
Бүгін Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаевтың төрағалығымен кеңейтілген лездемелік мәжіліс өтті. Жиынға аудан әкімдігінің аппарат басшысы, әкім орынбасарлары, бөлім және мекеме басшылары, сондай-ақ қала мен ауылдық округ әкімдері қатысты. Күн тәртібіне енгізілген үш өзекті мәселе жан-жақты қаралды.
Бірінші мәселе аудан бюджетінің орындалу барысы бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы А. Мұратов атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасап, бюджеттің ағымдағы игерілуі мен жоспарланған көрсеткіштердің орындалу деңгейіне тоқталды.
Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Е. Қосмұратов Биыл пайдалануға берілетін құрылыс нысандарының жай-күйі туралы есеп берді. Нысандардың белгіленген мерзімде тапсырылуын қамтамасыз ету үшін атқарылып жатқан жұмыстарды және алдағы міндеттерді атап өтті.
Үшінші мәселе мереке күндері пиротехникалық заттарды қолдану кезіндегі өрт қауіпсіздігі шараларына қатысты аудандық төтенше жағдайлар басқармасының бастығы И. Елеусизов баяндама жасап, тұрғындар арасында қауіпсіздік мәдениетін арттыру, түсіндіру жұмыстарын күшейту және алдын алу шараларын жүйелі жүргізу қажеттігін айтты.
-Жыл аяқталуына жақын. Алдымызға қойылған міндеттемелер бар, оларды дер кезінде әрі нақты орындауымыз қажет. Жұмыс – ең алдымен өз игілігіміз үшін, – деп, Арман Абдуллаев жыл соңына таяу барлық салаларда тапсырмалардың толық әрі сапалы орындалуының маңыздылығын атап өтті.
Жиынды қорытындылай келе, аудан әкімі тиісті бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне жұмысты жандандыру, көрсеткіштерді арттыру және бөлімдер арасындағы өзара үйлестіруді күшейту жөнінде нақты тапсырмалар берді. Барлық бағыттар бойынша берілген тапсырмалар хаттамаға енгізілді.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі