
Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаевтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның кезекті мәжілісі өтті. Жиынға аудандық терроризмге қарсы комиссия мүшелері, құқық қорғау органдардың, тиісті басқармалардың басшылары және қала, ауылдық округ әкімдері қатысты.
Комиссияның бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес терроризм мен экстремизмнің алдын алу бағытындағы өзекті мәселелер бойынша тиісті мемлекеттік мекемелердің атқарған жұмыстары тыңдалып, тиімді шешімдер қабылдау және атқарылып жатқан шараларды үйлестіру мәселелері талқыланды.
Мәжіліс барысында заңсыз және деструктивті материалдарды анықтау, сондай-ақ діни экстремизм мен терроризм идеологиясына қарсы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту мәселелері талқыланды. Баяндамалар мен сын-пікірлер тыңдалды. Бұл бағытатғы атқарылып жатқан жұмыстар бойынша сала басшылары мен қала, ауылдық округ әкімдеріне тапсырмалар берілді. Мәжіліс соңында қазіргі таңда терроризм мен діни экстремизм – жаһандық деңгейде өзекті мәселелердің бірі екендігі, бұл қауіптің алдын алу және оған қарсы тиімді іс-қимыл жүргізу –әр азаматтың басты міндеттері екені сөз болды.
Отырыс қорытындысында ауданның діни қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тұрғындардың санасын радикалды идеологиядан қорғау және қоғамдағы тұрақтылықты нығайту, қауіптердің алдын алу тетіктерін күшейту қажеттілігі атап өтілді.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі