ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ ОРАЙ САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ИГІЛІГІНЕ ЗАМАНАУИ СПОРТ АЛАҢШАСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ ОРАЙ САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ИГІЛІГІНЕ ЗАМАНАУИ СПОРТ АЛАҢШАСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

 

 

16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні қарсаңында Сарыағаш ауданында тұрғындардың игілігіне арналған тағы бір әлеуметтік жоба іске қосылды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұқаралық спортты дамыту және жастарға арналған спорттық нысандардың қолжетімділігін арттыру жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында Құркелес ауылдық округінде заманауи спорт алаңшасы пайдалануға берілді.

 

Ашылу рәсіміне Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев қатысып, ауыл тұрғындарын мерекемен құттықтады. Сонымен қатар іс-шараға аудандық мәслихат төрағасы Рысбек Асылбекұлы, аудан депутаттары, ауыл әкімі және жергілікті тұрғындар қатысты.

 

–Бұл- мемлекетіміздің жас ұрпақты қолдауға, олардың денсаулығын нығайтуға бағытталған жүйелі саясатының жарқын мысалы. Спорт алаңшасы балалар мен жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне, спортқа қызығушылығын арттыруға үлкен серпін береді. Біз осы алаңдардан болашақ чемпиондардың шығатынына сенімдіміз, – деді аудан әкімі құттықтау сөзінде.

 

Құркелес елді мекенінде салынған жаңа спорт алаңы аудандық бюджет есебінен жүзеге асырылды. Аталған нысанда кіші футболға арналған арнайы алаңша, workout аймағы, сондай-ақ балалар үшін әткеншек пен сырғанақтар орнатылған.  Жобаның құрылысын “Сәулет 2012” ЖШС тарапынан жүргізілді.

 

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі