
Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаевтың қатысуымен бюджеттік комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиынға ауданның экономика және қаржы бөлімінің басшысы Азамат Мұратов, қалалық және ауылдық округ әкімдері, сондай-ақ ауданға қарасты дербес бөлімдердің басшылары қатысты.
Күн тәртібінде 2026 жылдың аудандық бюджет жобасын нақтылау мәселелері қаралды. Қала мен ауылдық округтердің, сондай-ақ дербес бөлімдердің ұсыныстары мен бюджеттік өтінімдері талқыланып, әр бағыт бойынша қажетті түзетулер енгізілді.
Отырыста айтылған ұсыныстар мен қаралған мәселелерді қорытындылай келе, аудан әкімі жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді. Арман Абдуллаев бюджет қаражатын тиімді пайдаланып, әрбір тиынды мақсатты әрі заң аясында игерудің маңыздылығын ерекше атап өтті.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі