
Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Сарыағаш қаласының ішкі көшелерінде жүргізіліп жатқан жол жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.
Аудан басшысы атқарылып жатқан жұмыстардың сапасына ерекше назар аударып, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Қ. Тұрсынбаевқа, сондай-ақ мердігерге бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді. Жөндеу жұмыстарының мерзімі мен сапасын қатаң бақылауға алуды тапсырды.
Қазіргі таңда, Сарыағаш қаласына қарасты Ештаев, С.Талипов, Тоғызбаев және Аубакиров көшелерінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жалпы 1,4 шақырым ұзындықт асфаль төселеді. Аталған жұмыстардың мердігері – «Артд Груп» ЖШС, техникалық қадағалауды «Qazaq Air Qastraction» мекемесі жүзеге асыруда.Тапсырыс беруші- жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі