САРЫАҒАШ: ЖАЛПЫ АУДАНДЫҚ СЕНБІЛІК ҚАРҚЫНДЫ ЖАЛҒАСУДА

САРЫАҒАШ: ЖАЛПЫ АУДАНДЫҚ СЕНБІЛІК ҚАРҚЫНДЫ ЖАЛҒАСУДА
 
Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаевтың бастамасымен қолға алынған жалпы аудандық тазалық шарасы қарқынды түрде жалғасып келеді. Таңғы сағат 09:00-ден бастап әрбір мекеме өзіне бекітілген аумақта тазалық жұмыстарын жүргізді.
Сенбілік барысында республикалық және облыстық маңызы бар автожолдардың, сондай-ақ ішкі көшелердің бойында жиналған бей-берекет қоқыстар тазартылды. Сонымен қатар қураған ағаш бұталары кесіліп, әктеу және сырлау жұмыстары атқарылды, талдар ретке келтірілді. Күзгі ағаш отырғызу шаралары да жалғасын тапты.
Жалпы аудандық сенбіліктің негізгі мақсаты – аудан аумағындағы тазалықты сақтау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және осы мәселелерге қоғам назарын аудару. Әр тұрғын өз үйінің ауласын таза ұстаса, бұл өңірдің жалпы тазалығына қосылған елеулі үлес болмақ.
Барлық аудан тұрғындарын тазалықты сақтауға және қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға шақырамыз!
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі