Гүлнар Әбдіраманованың жалпы еңбек өтілі — 20 жылдан астам. Ол кәсіби қызметімен қатар, өз үйінде де мал ұстап, сүт өнімдерін өндірумен айналысып келген. Ісіне жауапкершілікпен қарап, еңбекқорлығымен ерекшеленетін ол ұжым арасында да үлкен сый-құрметке ие.
Гүлнар Әбдіраманова — көпбалалы ана, жұбайы Бахтияр Әбдірамановпен бірге бес баланы тәрбиелеп өсіріп отыр. Сонымен қатар, ол екі немеренің асыл әжесі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің екінші форумында Гүлнәр Ұзақбайды “Ерен еңбегі үшін “медалімен марапаттады.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі