
«БЖЗҚ» АҚ-да «Ашық есік күні» – ең өзекті және жиі қойылатын сұрақтарға жауап береміз
Халық арасындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында 2025 жылдың 4 желтоқсан күні «БЖЗҚ» АҚ дәстүрлі «Ашық есік күнін» өткізеді.
Кездесу барысында БЖЗҚ мамандары зейнетақы шотыңызды мониторингілеу үшін ұсынылатын Қордың онлайн-құралдары мен сервистерін пайдалану мүмкіндіктері, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге біржолғы зейнетақы төлемін (БЗТ) алуға өтініш жасау тәртібі, инвестициялық кірістің өзгеру себептері және зейнетақы төлемдеріне құқығы бар тұлғаларға кесте бойынша төлемдерді есептеу әдісі туралы әңгімелеп береді. Бұдан басқа, БЖЗҚ филиалының жауапты қызметкерлері басқа да сұрақтарға жауап беріп, іс-шараға қатысушыларға жеке кеңестерімен көмектеседі.
Естеріңізге сала кетейік, «Ашық есік күні» онлайн-форматта 2025 жылдың 4 желтоқсан күні сағат 10-00 өтеді.
Іс-шараға қатысу үшін сілтеме https://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=mf24b0fed6aee24f653038292271bfcf1 бойынша өту қажет. Содан кейін event-кеңестің нөмірін 2511 111 0524 және event-кеңестің құпиясөзін 2026 енгізіңіз.
«БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күнінде» өз салымшыларын (алушыларын) және барлық ниет білдірушілерді күтеді!