
Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті хабарлайды
«Қазгидромет» РМК Түркістан облысы бойынша филиалының мәліметіне сәйкес, 2025 жылғы 1–3 қараша аралығында облыс аумағында ауа райының күрт өзгеруі күтіледі.
Синоптиктердің болжамы бойынша, аталған күндері қатты жел соғып, дауылдың екпіні облыс аумағында 15–20 м/с, ал таулы аймақтарда 23–28 м/с дейін жетуі мүмкін.
Осыған байланысты Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарына келесі сақтық шараларын қатаң сақтау қажеттігін ескертеді:
Қауіп төнген немесе төтенше жағдай орын алған жағдайда 112 нөміріне хабарласу қажет.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі