САРЫАҒАШТА «ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

САРЫАҒАШТА «ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

 

Бүгін Сарыағаш ауданында «Халық заңгері» республикалық акциясы өтті. Іс-шара Сарыағаш қаласындағы Мәдениет үйі ғимаратында және Жібек жолы ауылында орналасқан №20 Амангелді Иманов атындағы мектепте ұйымдастырылды.

Акция барысында қала және ауыл тұрғындарынк прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылар, әділет органдарының қызметкерлері, көші-қон полициясы, жылжымайтын мүлікті тіркеу бөлімдерінің өкілдері, сондай-ақ медицина, салық, білім, жер, ауыл шаруашылығы, жұмыспен қамту және әлеуметтік сала мамандары, заңгерлер, адвокаттар, нотариустар мен медиаторлар тарапынан кеңестер берілді. Сонымен қатар, сұрақтарына жауап беріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Шараның негізгі мақсаты – азаматтарға тегін құқықтық көмек көрсету, сонымен қатар билік пен халық арасындағы сенімді әрі ашық диалогты орнату болып табылады. Мұндай акциялар азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыруға, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ашықтығы мен халыққа жақындығын күшейтуге бағытталған.

«Халық заңгері» республикалық акциясы алдағы уақытта да дәстүрлі түрде жалғасып, ел тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыруға өз үлесін қоса бермек.

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 

#халықзаңгері