
«Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында Сарыағаш қаласы аумағында үш қабатты тұрғын үйлердің құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев нысанда болып, құрылыс барысымен танысты.
Аудан басшысы құрылыс сапасы мен қауіпсіздігіне ерекше назар аударып, мердігер мекеме өкілдеріне тұрғын үйлердің аудан халқының игілігіне арналатынын ескере отырып, жұмыстарды уақытылы әрі сапалы орындауды тапсырды.
Қазіргі таңда, нысанда инфрақұрылым және кәріз жүйелерін жүргізу жұмыстары аяқталған. Тұрғын үйдің кіреберіс баспалдақтары құйылып, ішкі әрлеу жұмыстары жалғасуда. Құрылысқа 46 адам тартылған. Жобаны қаржыландыру кәсіпкерлер есебінен жүзеге асырылуда.
Сонымен қатар, аудан әкімі Ш.Қалдаяқов гүлзары бойындағы көпқабатты тұрғын үйлерге кәріз жүйесін жүргізу жұмыстарының барысын тексерді. Арман Абдуллаев ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне қарасты «Сарыағаш қызмет» КММ-на нақты тапсырмалар беріп, жергілікті бюджет есебінен жүргізіліп жатқан жұмыстардың сапасына бақылауды күшейтуді жүктеді.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі