
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен еліміздің барлық өңірінде Мемлекеттік туды көтеру рәсімі өтуде. Осы игі дәстүрге орай бүгін Сарыағаш қаласындағы «Ана мен бала» аллеясында «25 қазан – Республика күніне» арналған Мемлекеттік Туды көтеру салтанаты өтті.
Мерекелік іс-шараға Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев, аудандық мәслихат депутаттары, ардагерлер, мемлекеттік орган басшылары, зиялы қауым өкілдері, белгілі спортшылар, жастар және қала тұрғындары қатысты.
Аудан әкімі Арман Абдуллаев жиналғандарды Республика күнімен құттықтап, мереке қарсаңында ізгі тілегін жеткізді. Салтанатты шара аудандық мәдениет үйі өнерпаздарының патриоттық рухтағы әндерімен жалғасты.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі