АРМАН АБДУЛЛАЕВ: «АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРДІ ДАМЫТУ – ТҰРҒЫНДАР ӘЛ-АУҚАТЫН АРТТЫРУДЫҢ НЕГІЗІ»

АРМАН АБДУЛЛАЕВ: «АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРДІ ДАМЫТУ – ТҰРҒЫНДАР ӘЛ-АУҚАТЫН АРТТЫРУДЫҢ НЕГІЗІ»

 

 

Бүгін Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев ауданнан шалғай орналасқан ауылдық округтерді дамыту жоспарына сәйкес жүргізіліп жатқан құрылыс нысандарында болып, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты. Мердігер мекемелер  мен тиісті сала басшыларына жұмыстың сапалы әрі уақытылы орындалуын қамтамасыз ету бойынша нақты тапсырмалар жүктеді. Арман Абдуллаев ауылдық округтерді инфрақұрылыммен қамту – тұрғындардың өмір сүру сапасын арттырудың басты міндеттерінің бірі екенін атап өтті.

 

Қазіргі таңда, Әлімтау және Жылға ауылдық округтеріне қарасты елді мекендерді табиғи газ және ауыз сумен қамту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда: Жылға ауылдық округіне қарасты Жылға елді мекенін газбен қамту жобасы мердігер «Ремстрой» ЖШС-і.  тарапынан жүргізілуде.Техникалық қадағалаушы: «Қабылан Эксперт» ЖШС-і. Тапсырыс беруші: «Сарыағаш аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» ММ. Аталған жобаның жалпы ұзындығы – 64,251 шақырым, оның ішінде:темір табиғи газ құбыры – 24,271 шақырым,полиэтилен табиғи газ құбыры – 39,980 шақырым. Бүгінде, табиғи газ құбырының 80 пайызы тартылып, жұмыстар кестеге сай жүргізілуде.

 

Әлімтау ауылдық округіне қарасты Тасқұдық елді мекенін ауыз сумен қамту жобасының құрылыс жұмыстарына жауапты мердігер: «FS Development Group» ЖШС-і. Техникалық қадағалаушы: «Consultant Plus» ЖШС. Қазіргі таңда, ұңғыма қазылып, ішкі су жүйесі тартылып, абаттандыру жұмыстары басталды. Құрылыс толық аяқталғаннан кейін 43 тұрғын үй таза ауыз сумен қамтылатын болады.

 

Сонымен қатар, Жылға ауылдық округіне қарасты Шеңгелді елді мекенін ауыз сумен қамтамасыз ету жобасы бойынша жұмыстар жалғасуда. Жалпы жобада су құбырының ұзындығы – 63,4 шақырым, сондай-ақ 162 дана су құдықшасы қарастырылған. Жобаға сәйкес 60 метр тереңдікте ұңғыма қазылып, су құбырлары толық тартылды, 150 дана су құдықшасы орнатылған. Су қоймасының орны анықталып, құрылыс жұмыстары басталған.  Жоба толық аяқталғаннан кейін 308 тұрғын үй таза ауыз сумен қамтылатын болады.

 

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі