
Түркістан облыстық және Сарыағаш аудандық мәслихат депутаттары, сондай-ақ ауданның белсенді жастары Сарыағаш қаласындағы «Ана мен бала» аллеясында өткен «Таза бейсенбі» атты экологиялық науқанына қатысып, тазалық жұмыстарына белсене атсалысты.
Тазалық шарасы барысында аллея аумағы бейберекет тасталған қоқыстардан толық тазартылып, орындықтарды сырлау жұмыстары жүргізіліп, ағаштарға күтім жасалды. Сонымен қатар қатысушылар тұрғындарды табиғатты аялауға, өз айналасын таза ұстауға шақырды.
Айта кетсек, шараның негізгі мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру және туған қаламыздың тазалығын сақтауға қоғам назарын аудару болды. Мұндай шаралар экологиялық сананы қалыптастырып қана қоймай, қоғамның ортақ жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі