Бүгін Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев аудан тұрғындарын кезекті жеке қабылдау өткізді. Қабылдау барысында кезектілік тәртібімен жазылған 12 тұрғын өздерінің жеке және әлеуметтік мәселелерін жеткізді. Жеке қабылдауға аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары, қала және ауылдық округ әкімдері қатысып, көтерілген әрбір мәселенің шешу жолдары жан-жақты қарастырылды.
– Біздің басты мақсатымыз – тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын назарға алып, заң аясында нақты шешім қабылдау. Әрбір мәселе тиісті сала мамандарының қарауында болып, нәтижесі бақылауға алынады, – деді аудан әкімі.
Қабылдау қорытындысы бойынша аудан басшысы бірқатар өтініш бойынша заң талаптарына сәйкес түсіндірме беріп, тиісті бөлім басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді. Әрбір өтініштің орындалу барысы әкімдік тарапынан тұрақты бақылауда болады.
Айта кетсек, Сарыағаш ауданы әкімінің жеке қабылдауына жазылу Сарыағаш ауданы әкімі аппаратының жалпы және әкімшілік бөлімі арқылы жүргізіледі. Сондай-ақ қабылдауға egov.kz порталы, е-otinish бірыңғай базасы немесе әкімдікке келіп, жазбаша өтініш қалдыру арқылы тіркелуге болады.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі