САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА АУЫЗ СУ ЖОБАЛАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА АУЫЗ СУ ЖОБАЛАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Бүгін Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев аудан аумағында жүзеге асырылып жатқан магистралды ауыз су құбырларының құрылыс барысын арнайы барып көріп, жұмыстардың жай-күйін пысықтады.

 

Аудан халқын тәулік бойы сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында, Сарыағаш қаласы және ауданға  қарасты елді мекендерді қамтитын «Сарыағаш топтық су құбырын толықтыру үшін магистралды су таратқышын реконструкциялау, 1-кезек, 1-іске қосу кешені» жобасы әзірленген.Аталған жоба аясында жобалық-сметалық құжаттама дайындалып, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған. Жобаның тапсырыс берушісі – Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігіне қарасты Су комитетіүМердігер мекеме – «Тараз Строй 2004» ЖШС.

 

Қазіргі уақытта мердігер тарапынан ұзындығы 1440 метр болатын су құбыры тартылып үлгерілген. Сонымен қатар, ІІ кезек шеңберінде Р-1 каналынан су тазарту қондырғысы мен су сорғы станциясын салу үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірлену үстінде.

 

Сонымен қатар, аудан әкімі Сарыағаш қаласындағы Самал-3 шағынауданын ауыз су жүйесімен қамтамасыз ету мақсатындағы құрылыс жұмыстарының барысымен де танысты.Аудан басшысы мердігер мекемеге нақты тапсырмалар беріп, жұмыс сапасы мен мерзімін қатаң бақылауда ұстау қажеттігін ескертті.

 

Аталған жоба бойынша құрылыс биыл тамыз айында басталған. Жобаның жалпы ұзындығы – 166 шақырым. Бүгінде, су қоймасының қазаншұңқырын қазу жұмыстары жүргізілуде.

 

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызмет