АЙМАҚ БАСШЫСЫ: БЕЛГІЛЕНГЕН МЕРЗІМДЕ ӘРІ САПАЛЫ ОРЫНДАЛУЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІ ТАПСЫРДЫ

АЙМАҚ БАСШЫСЫ: БЕЛГІЛЕНГЕН МЕРЗІМДЕ ӘРІ САПАЛЫ ОРЫНДАЛУЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІ ТАПСЫРДЫ

Ауданға қарасты елді мекендерді ауыз сумен қамту мәселесі Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаевтың тікелей бақылауында. Ауданда ауыз сумен қамту жұмыстары қарқын алып, елді мекендерде  су құбырларын тарту жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді.

 

Осы орайда, бүгін аудан әкімі Құркелес ауылдық округіне қарасты Ақ үй елді мекенінде жүргізіліп жатқан ауыз су жүйесінің құрылыс жұмыстарымен танысты. Арман Абдуллаев  жұмыстардың сапалы және белгіленген мерзімде аяқталуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ тұрғындарды ауыз сумен үздіксіз қамту бағытында барлық шаралар уақытылы атқарылуы тиіс екенін қатаң тапсырды.

 

 

Қазіргі таңда, Ақ үй елді мекенінде ауыз су құбырының тартылып, су ұңғымасын бұрғылау жұмыстары жалғасуда. Ұңғыманың  тереңдігі – 450 метр.Сонымен қатар, су құдықшалары орнатылып,су қоймасы аумағында екі дана су резервуары салынды. Объектіні қоршау және екінші деңгейлі насостық станция құрылысы аяқталып,құрылыс-монтаж жұмыстарының жалпы 80 пайызға орындалған. Мердігер мекеме: «FS Development Group» ЖШС-і. Тапсырыс беруші: аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі.

 

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі