Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Құркелес ауылдық округіне қарасты бірқатар көшелерде жүргізіліп жатқан жол жөндеу жұмыстарының барысымен арнайы танысты. Аудан басшысы асфальт төсеу жұмыстарының сапасына баса назар аударып,жұмыс барысын бақылады. Мердігерге және тиісті бөлім басшысына жол құрылысының сапасы мен мерзімін қатаң сақтауды тапсырды.
Құркелес ауылдық округінің Нұрлы жол елді мекенінде асфаль төсеу жұмыстары жүргізілуде. Орта жөндеу жұмыстары:Сүйінбай батыр, Тоқбергенов ,Ж. Жабаев және Бейбітшілік көшелерін қамтиды. Жобаның жалпы ұзындығы – 4,1 шақырым. Жөндеу жұмыстарына жергілікті бюджеттен қаржы қаралған. Мердігер мекеме: «Артд Групп» ЖШС-і. Техникалық қадағалаушы: «Qazaq Air Company» Тапсырыс беруші: Сарыағаш ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі.
Жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуі елді мекен тұрғындары тарапынан оң бағаланып отыр. Құрылыс алаңында болған жергілікті тұрғындар мен ақсақалдар аудан әкіміне алғыстарын білдіріп, атқарылып жатқан жұмыстарға ақ баталарын берді.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі