Бүгін Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаевтың төрағалығымен кеңейтілген лездемелік мәжіліс өтті. Мәжіліске аудан әкімдігінің аппарат басшысы, әкімнің орынбасары, мекеме басшылары, сондай-ақ қала және ауылдық округ әкімдері қатысты. Кеңейтілген мәжілісте аудан бойынша көлік және мүлік салығы түсімдерінің орындалу барысы талқыланды.
Аталған мәселе бойынша аудандық Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Т. Алиев және Түркістан облысы жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы басшысының орынбасары М.Баимбетовтер баяндама жасады.Сонымен қатар, қала және ауылдық округ әкімдері де өз аумақтары бойынша салық түсімдері жайында мәліметтер ұсынды.
Жиынды қорытындылаған аудан әкімі тиісті бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне салық түсімдерін арттыру бағытында жұмысты жандандыруды және өзара үйлестіруді тапсырды. Мәжіліс барысында берілген тапсырмалар хаттамаға енгізілді.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі