Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров азаматтарды жеке қабылдап, олардың өтініш-тілектерін тыңдады. Қабылдауға Түркістан, Кентау, Арыс қалалары мен Сарыағаш, Мақтаарал аудандарынан келген тұрғындар қатысты. Азаматтар негізінен әлеуметтік көмек, жер мәселесі, тұрғын үйдің сапасы және инфрақұрылымға байланысты өзекті мәселелерді көтерді.
Қабылдау барысында Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев бейнебайланыс арқылы қосылып, алдын ала жазылған Әлімтау ауылдық округі тұрғынының мәселесіне қатысты заң аясында нақты жауап берді.
Облыс әкімі Нұралхан Көшеров тұрғындар тарапынан көтерілген әрбір мәселенің назардан тыс қалмайтынын айтып, барлық ұсыныс пен өтініш жеке-жеке зерделенетінін жеткізді. Сондай-ақ, тиісті басқарма басшылары және аудан, қала әкімдерімен бірлесіп, мәселелерді шешу жолдары қарастырылатынын айтты.
Кейбір мәселелер қабылдау кезінде өз шешімін тапса, күрделі мәселелер бақылауға алынып, заң аясында шешім қабылданатын болды.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі