Түркістан облысы Дін істері басқармасының ұйымдастыруымен 18 қазан — Рухани келісім күніне орай бірқатар мазмұнды іс-шаралар өтті. Аталған шаралар аясында облыс көлемінде «Ойлан, тап!» интеллектуалды сайысы мен түрлі спорттық жарыстар ұйымдастырылып, жастардың зияткерлік және физикалық әлеуетін арттыруға бағытталды.
Сайыстарға Сарыағаш ауданынан қатысқан командалар белсенділік танытып, жоғары нәтижелер көрсетті. Нәтижесінде аудан намысын қорғаған интеллектуалды топ ерекше білім мен тапқырлық танытып, көрермен көзайымы атанып, 65 000 теңге көлеміндегі қаржылай сыйлыққа ие болды.
Сонымен қатар, спорттық жарыстарда да сарыағаштықтар намысты қолдан бермей, командалық есеп бойынша Сарыағаш медресе колледжі үздік ойын өрнегін көрсетіп, үшінші орын иеленді. Жүлделі орын үшін оларға 50 000 теңге көлеміндегі сыйақы табысталды.
Сарыағаш ауданы әкімініңі баспасөз қызметі