САРЫАҒАШ: ҚҰТҚАРУШЫЛАР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

САРЫАҒАШ: ҚҰТҚАРУШЫЛАР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

 

 

19 қазан – Құтқарушылар күніне орай Сарыағаш ауданында арнайы мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

 

Салтанатты жиын барысында Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев сөз сөйлеп, төтенше жағдайлар кезінде алғашқылардың бірі болып көмекке ұмтылатын, халықтың қауіпсіздігі жолында от пен судың ортасында аянбай қызмет ететін құтқарушыларды кәсіби мерекелерімен құттықтады.

 

Сонымен қатар, өз қызметтік міндетін адал атқарып жүрген үздік мамандар мен зейнеткерлікке шыққан сала ардагерлеріне алғыс хаттар табысталып, құрмет көрсетілді.

 

Шара барысында «AMANAT» партиясының Сарыағаш аудандық филиалының төрағасы Шермат Ибрагимов та сөз алып, бірқатар қызметкерлерді мерекелік марапаттармен марапаттады.

 

Сондай-ақ, аудандық төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Иса Елеусізов құтқарушыларды кәсіби мерекелерімен құттықтап, жаңадан қабылданған қызметкерлерге арнайы шендер табыс етті.

 

Мерекелік жиын аудандық мәдениет үйі өнерпаздарының патриоттық рухтағы ән-шашуымен қорытындыланып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

 

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі