САРЫАҒАШТА БІРЛЕСКЕН ТҮНГІ РЕЙД БАРЫСЫНДА 16 ЖАСӨСПІРІМ АНЫҚТАЛДЫ

САРЫАҒАШТА БІРЛЕСКЕН ТҮНГІ РЕЙД БАРЫСЫНДА 16 ЖАСӨСПІРІМ АНЫҚТАЛДЫ

 

Сарыағаш ауданына қарасты Жібек жолы, Жемісті және Дербісек ауылдық округтерінде аудандық жастар ресурстық орталығы қызметкерлері мен АПБ ЮПТ инспекторларының бірлесуімен түнгі рейдтік іс-шаралары ұйыдастырылды.

Рейд барысында 16 жасөспірімнің түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз жүргені анықталды. Тексеру нәтижесінде тиісті хаттамалар толтырылып, ата-аналарына ескерту берілді. Сонымен қатар, құқықбұзушылықтың алдын алу, ата-аналардың жауапкершілігін арттыру және жасөспірімдердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Айта кетсек, аталған шараның мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, жастардың түнгі мезгілде заңды өкілдерінсіз жүруін болдырмау және қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Мұндай шаралар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасып, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталатын болады.

Құрметті ата-аналар!
Балаларыңыздың қауіпсіздігі өз қолдарыңызда екенін естен шығармаңыздар. Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүруіне жол бермей, олардың тәрбиесі мен бос уақытын дұрыс ұйымдастыруға ерекше мән берулеріңіз қажет.

Сарыағаш ауданы әкімінің бапсасөз қызметі