САРЫАҒАШ: ТҰРҒЫНДАР ӨТІНІШІ БАСТЫ НАЗАРДА

САРЫАҒАШ: ТҰРҒЫНДАР ӨТІНІШІ БАСТЫ НАЗАРДА

 

 

Сарыағаш қаласының қала тұрғындарының өтінішіне сәйкес  қалаға қарасты Қалаубаев көшесінде орналасқан Рамадан каналынан өтетін көпірдің техникалық жағдайына қатысты мәселені шешу мақсатында Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев көпірдің жай-күйімен арнайы барып, танысты. Жергілікті тұрғындар мен тиісті сала мамандарының қатысуымен өткен жиында көпірдің қазіргі жағдайы талқыланды.

 

Жиында көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін көпірдің екі шетіне темір қоршау орнату туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар, көпірді жөндеуге арналған жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр.

 

 Алдағы уақытта жүзеге асырылатын бұл жұмыстар көпірді қауіпсіз әрі қолайлы пайдалануға мүмкіндік беріп, тұрғындар үшін қауіпсіз ортаны қалыптастыруға ықпал етпек.

 

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі