Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен іске асырылып жатқан «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында Сарыағаш қаласына қарасты Б.Оспанов көшесінде 300 орындық жаңа мектептің құрылысы қарқынды жүргізілуде. Осы ретте, бүгін Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев құрылыс нысанына арнайы барып, жобаның жүзеге асу барысымен танысты. Әкім мердігер мекемеге құрылыс жұмыстарын белгіленген мерзімге сәйкес, сапалы түрде аяқтауды тапсырды.
Қазіргі таңда, мектепке арналған құрал-жабдықтарды құрастыру,ғимаратқа ішкі электр жүйесін тарту, ішкі кафель жабыстыру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар,мектеп ауласына сыртқы абаттандыру жұмыстары атқарылуда. Жалпы құрылыс 20 құрылысшы, 7 техника жұмыс істеп жатыр. Жобаның тапсырыс берушісі – «Samruk–Kazyna Construction» АҚ, мердігер «А-Спецстрой» ЖШС-і.
Айта кетсек, аталған мектептің құрылысы аудан тұрғындары үшін сапалы білім беру ортасын қалыптастыруға, оқушы орын тапшылығын жоюға және білім сапасын арттыруға бағытталған маңызды әлеуметтік жоба болып табылады.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі