Сіздерді Отбасы күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Отбасы – адам баласының тәлім-тәрбие алып, ұлттық құндылықтарды бойына сіңіретін алтын ұясы. Ол – қоғамның тірегі, мемлекеттің мызғымас негізі. Берекелі отбасы – бірлігі жарасқан елдің айнасы. Сондықтан отбасын нығайту, оның рөлін арттыру – біздің басты міндетіміз.
Бүгінде Сарыағаш ауданында мыңдаған өнегелі отбасылар өмір сүруде. Олар ұрпақ тәрбиесінде, еңбек пен қоғам өмірінде елеулі үлес қосып келеді. Осындай отбасылардың татулығы мен бірлігі – ауданымыздың дамуына берік негіз болатыны сөзсіз.
Баршаңызға зор денсаулық, баянды бақыт, әр шаңыраққа құт-береке, ырыс пен ынтымақ тілеймін!
Әрбір отбасының шаңырағы биік, керегесі кең, босағасы берік болсын!
Отбасы күні құтты болсын!
Құрметпен,
Арман Абдуллаев,
Сарыағаш ауданының әкімі