САРЫАҒАШ: ШИПАЖАЙ ИЕЛЕРІМЕН КӘРІЗ ЖҮЙЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

САРЫАҒАШ: ШИПАЖАЙ ИЕЛЕРІМЕН КӘРІЗ ЖҮЙЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Сарыағаш ауданында шипажай аймақтарындағы кәріз жүйесіне қатысты өзекті мәселелерді шешу мақсатында арнайы мәжіліс өтті. Жиынға Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев, аудан прокуроры Мақсат Мошқалов, сондай-ақ шипажай иелері қатысты.

 

Кеңес барысында кәріз жүйесіне қатысты туындаған мәселелер жан-жақты талқыланып, оларды шешудің ықтимал жолдары қарастырылды. Ауданның  тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Серік Қарақұловтың аталған мәселе бойынша баяндамасы тыңдалып, жағдайды тұрақтандыру бағытында нақты шаралар ұсынылды.

 

Кездесу қорытындысы бойынша жауапты мекемелер мен шипажай иелеріне нақты тапсырмалар жүктеліп, аталған мәселелерді кезең-кезеңімен шешу жолдары қарастырылды.

 

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі