САРЫАҒАШ:ТЕХНИКАЛЫҚ КЕҢЕС ӨТТІ

САРЫАҒАШ:ТЕХНИКАЛЫҚ КЕҢЕС ӨТТІ

 

 

Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаевтың қатысуымен ауыз су құрылысы бойынша  техникалық кеңес отырысы өтті. Жиынға салаға  жауапты аудан әкімінің орынбасары М.Байгабулов, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы С.Қарақұлов, “Оңтүстік ауыз су” филиалының бас инженері Б. Жанбосынов, сондай-ақ аудан аумағында құрылыс жұмыстарына жауапты мердігер және авторлық қадағалаушы мекемелердің өкілдері қатысты.

 

Кеңес барысында аудан аумағында іске асырылып жатқан ауыз су инфрақұрылымы жобаларының жүзеге асу барысы, техникалық талаптардың орындалуы және құрылыс сапасы жан-жақты талқыланды.

 

Аудан әкімі сала басшыларына нақты тапсырмалар беріп, құрылыс жұмыстарының белгіленген мерзімде және жоғары сапада аяқталуын қамтамасыз ету қажеттігін ерекше атап өтті. Сонымен қатар, жобалардың барлық кезеңінде бақылау мен қадағалаудың күшейтілуі тапсырылды.

 

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі