Аталған нысанда «АРАНШЫ» ЖШС мердігер мекемесі жұмыс жүргізуде. Қазіргі таңда жөндеу жұмыстарына 35 жұмысшы тартылған. Жөндеу кестеге сәйкес жүргізілуде. Мектеп ғимаратында ішкі әрлеу-сырлау, модульді әжетхана орнату, кәріз жүйесінің ішкі және сыртқы монтаж, блок қабырғаларын қаптау, думан және спорт залдарын әрлеу және сырлау, сонымен қатар электр шамдарын орнату, мектеп аумағын қоршау жұмыстары жүргізілуде.