Сарыағаш ауданында білім беру саласы қызметкерлерінің жаңа оқу жылына арналған дәстүрлі аудандық тамыз педагогикалық кеңесі өтті. Биылғы кеңес «БІЛІМ КЕЛЕШЕГІ: АДАЛ АЗАМАТ, КӘСІБИ МАМАН» тақырыбында ұйымдастырылды.
Кеңеске Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев, Сарыағаш ауданы прокуратурасының прокуроры Нұрбол Қамбаров, Түркістан облыстық білім басқармасының өкілі, жас туристер станциясының директоры Сәуле Өмірбаева,мемлекет және қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазықызы, аудандық мәслихат төрағасы Рысбек Асылбекұлы, сондай-ақ облыстық және аудандық мәслихат депутаттары, білім беру мекемелерінің басшылары, ардагер ұстаздар, ата-аналар комитеті мүшелері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Жиында ауданның 2024-2025 оқу жылында білім беру саласында атқарылған жұмыстары туралы бейнеролик көрсетілді. Жиын аясында өткен оқу жылының қорытындылары сараланып, жаңа оқу жылына арналған стратегиялық мақсаттар мен міндеттер нақтыланды.Сонымен қатар,білім саласының дамуына ерекше үлес қосқан педагогтер мен сала мамандарына Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің, облыс және аудан әкімдерінің, облыстық білім басқармасының алғыс хаттары табысталды.
Айта кетсек, іс-шараның мақсаты – 2024-2025 оқу жылына дайындық барысын пысықтау, білім беру жүйесіндегі жаңа бағыттар мен өзгерістерді талқылау, алдағы міндеттерді айқындау және саладағы үздік педагогтерді марапаттау болды.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі