Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаевтың төрағалығымен кезекті аппараттық мәжіліс өтті. Мәжіліске аудан әкімінің аппарат басшысы,аудан әкімінің орынбасары, дербес бөлім және мекеме басшылары, қала және ауылдық округ әкімдері қатысты. Күн тәртібінде үш өзекті мәселе қаралды.
Мәжілісте ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері 2025 жылдың 9 айына арналған жоспардың орындалу барысын ауданның экономика және қаржы бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Бекмұрат Молдаханов баяндады. Келес және Сарыағаш аудандарының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің басшысы Бекзат Шахирбаев күзгі мерзімдегі әскери шақыру жұмыстарының жүргізілуі жөнінде мәлімет берді. Алдағы жылыту маусымында улы газдан уланудың алдын алу мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар туралы ауданның төтенше жағдайлар бөлімі бастығының міндетін уақытша атқарушы Абдыислам Абдыкадыров баяндама жасады.
Мәжіліс барысында аудан әкімі нақты тапсырмалар беріп, аталған бағыттар бойынша жұмысты жандандыруды, жауапты тұлғалардың тиімді әрі жүйелі жұмыс атқаруын қадағалауды тапсырды. Хаттамаға енгізілді.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі