Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Сарыағаш қаласындағы мектептердің құрылыс барысын саралады.
Сапалы білім беру инфрақұрылымын қалыптастыруды көздейтін жобаның аясында Арман Абдуллаев мердігер мекемелерге нақты тапсырмалар беріп, бірінші кезекте оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, сондай-ақ мектептерді заман талабына сай, стандарттарға сәйкес жиһаздармен және құрал-жабдықтармен толық жабдықтауды міндеттеді. Сонымен қатар, аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Е.Қосмұратовқа құрылыс алаңдарын ретке келтіру жөнінде тапсырмалар жүктеді.
Алдымен аудан әкімі Телемұнара шағын ауданында салынып жатқан 900 орындық мектептің құрылысымен танысты. Қазіргі таңда,мектеп ішіндегі жиһаздар мен құрал-жабдықтарды орналастырылып, сыртқы ауланы ретке келтіру жұмыстары жүргізілуде.
Сондай-ақ, аудан басшысы Сарыағаш қаласындағы 300 орындық мектептің құрылыс алаңында болды. Бүгінде, білім беру ордасында ішкі әрлеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Оған қоса, нысанның сыртқы ауласын ретке келтіру, қоршау жұмыстары орнатылуда.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі