Құрметті аудан тұрғындары!
2025–2026 жылғы жылыту маусымы жақындап келеді. Осыған байланысты баршаңызды пеш, табиғи немесе сұйытылған газ және электр қуатын пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз.
Соңғы жылдары елімізде газдан улану, иістену, пештің жарылуы сияқты төтенше жағдайлар жиілеп отыр. Осындай қайғылы оқиғалардың алдын алу – әрқайсымыздың жауапкершілігіміз.
Қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауларыңызды сұраймыз:
Пеш пен жылыту құрылғыларын қараусыз қалдырмаңыздар;
Тез жанғыш заттарды пеш маңына қоймаңыздар;
Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар, қауіпсіздікке үйретіңіздер;
Пеш мұржаларын, түтін шығатын жолдарды дер кезінде тазалап тұрыңыздар;
Газ және электр құрылғыларын тек мамандар көмегімен орнатып, уақытылы тексертіңіздер.
Қауіпсіздік – өзіміз бен отбасымыздың амандығы!