Бүгін орталық саябақта Спорт күні мерекесін салтанатты түрде аталып өтті .
Аталған іс-шараға аудандағы спорт ардагерлері мен сала қызметкерлері және спорт түрлері бойынша ел намысын қорғап жүрген спортшылар қатысты.
Сарыағаш ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Н.Талипов пен аудандық мәслихаттың төрағасы Р.Асылбекұлы арнайы іс-шараға қатысушыларды айтулы мерекемен құттықтап, спорт саласында әлемдік ареналарда ел намысын абыроймен қорғайтын спортшылардың көптеп шыға беруіне тілектестігін білдірді. Сонымен қатар, ардагер спортшылар мен үздік спортшыларға аудан әкімінің және мәслихат төрағасының атынан алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметы