МӘМС БОЙЫНША ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

МӘМС БОЙЫНША ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

 

Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары А.Қозыбаевтың төрағалығымен тұрғындарды міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қамту бойынша арнайы құрылған штаб отырысы өтті. Жиынға, білім бөлімі, орталық аурухана, ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, аудандық мансап орталығы, аудандағы 4 жеке меншік медициналық ұйымдар және қала, ауылдық округ әкімдерінің орынбасарлары мен жауапты мамандары қатысты.

Жиналыстың күн тәртібіндегі мәселе бойынша ЖШС «Азия мед-МО» Ж.Абдрахманов және медициналық клиника "Сұңқар" бас дәрігерінің орынбасары Х.Курбани баяндамалар жасады.

 

Сонымен қатар, Сарыағаш аудандық орталық аурханасының  аудит бөлімінің менгерушісі С.Аширбаев бекітілген халық тіркелімі бойынша баяндады. Жиналысты қорытындылай келе жиналыс төрағасы А.Қозыбаев барлық тиісті бөлім басшыларына және ауылдық округ әкімдеріне күн тәртібінде қаралған мәселе бойынша нақты тапсырмалар беріп, орындалуы тұрақты түрде бақылауда болатынын жеткізді.

 

 

 

Сарыағаш ауданы әкімінің  баспасөз қызметі.