Аудан әкімі А.Абдуллаевтың тапсырмасына сәйкес, аудан әкімінің орынбасары М. Баигабулов Жылға ауылдық округіне арнайы іссапармен барып, Жылға елді мекеніндегі ауыз су нысанында бақылау жұмыстарын жүргізді.
Елді мекендегі жер асты су деңгейі жаз мезгілінде төмендеуі орын алуына байланысты су қоймасындағы жер асты суының деңгейі тексерілді. Арнайы өлшеу жұмыстарының нәтижесінде бүгінгі таңда жер асты суының дегейі көтерілгені анықталды.
Сонымен қатар, аудан әкімінің орынбасары елді мекенге ауыз судың кестеге сәйкес берілуін бақылап, ауыз судың берілуі тұрақты бақылауда болуын және барлық жұмыстардың уақытылы әрі сапалы орындалуын жауапты тұлғаларға тапсырды.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметы